Бүгін Ақтөбе имамдары еліміздің оңтүстік өңіріндегі әріптестерімен «SKYPE» онлайн желісі арқылы тікелей эфирде тәжірибе алмасты. Тікелей байланысқа түрткі болған басты мәселе Ақтөбе облысына білікті діни мамандарды қызметке тарту.
Тараптар тәжірибе алмасу барысында деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды ортаға салды. Өкіл имам Төлеби Оспан облыста осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар мен имамдарға жергілікті әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды тілге тиек етті. Өкіл имам облыстағы кейбір аудан мешіттеріндегі діни қызметтің сапасын арттыру үшін білікті де білімді діни мамандар қажет екендігін алға тарта отырып, облысқа келген имамдарға нақты қандай жағдай жасалатындығын атап өтті. Нақтырақ айтқанда тұрақты жалақымен қамтылуы, қызметтік көлік пен қызметтік баспана т.б.
Қос өкілдік өзара тәжірибе алмаса келе ортақ ұсыныстарды талқылап, сұрақтарына жауап алды. Ақтөбеге кадр тарту мәселесі бойынша ОҚО өкіл имамы Б.Бейсенбаев өз ұсыныстарын білдіретіндігін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
23.02.2018
3621
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру