Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетін Қазақстанға беру туралы келіссөз жүргізіліп жатыр. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев осылай деді.
Мәжілісте мәлім болғандай, елімізде діни материалдарды тарататын арнаның барлығы бүгінгі таңда қатаң бақылауға алынған. Былтыр 11 мыңға жуық интернет ресурстың мазмұнына талдау жүргізілген. Нәтижесінде 3 жарым мыңнан аса сайттың күмәнді екендігі анықталған. Соттың шешімімен бәрі бұғатталды.
Мәжіліс отырысында алдағы уақытта әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған діни қызметкерлерге көмек көрсетілетіні де мәлім болды. Имамдарды қолдаудың пилоттық жобасын іске асыру көзделіп отыр. Ол үшін арнайы қайырымдылық қоры құрылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
22.02.2018
3422
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру