ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірлесіп Ғұламалар кеңесінің рөлін күшейтуді қолға алынып отыр. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев мәлімдеді.
Мемлекет пен діни басқарма арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту мақсатында 2017 жылғы 15 ақпанда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі аталған келісім бойынша бірқатар шаралардың бірлесіп жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.
Алау Әділбаевтың айтуынша, Ғұламалар кеңесінің құрамына Министрлікке қарасты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А. Абуов қосылды. Осылайша, кеңес шарғи үкімдерді шығару барысында мемлекетің дін саласындағы бағытымен үйлесімін табуына да мән беруде.
Сонымен қатар, қазақ халқы үшін дәстүрлі Исламның негіздерін қалыптастырып, діни оқу-ағарту жұмысын жетілдіру мақсатында «Дін мен дәстүр жылы», «Дін және тарих тағылымы жылы», Діни басқарманың жұмыс барысындағы стратегиялық төрт бағыты, ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму Тұжырымдамасы, «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы», «500 үздік ағартушы имам», ҚМДБ мешіттерінің тәртіп Ережесі, І, ІІ республикалық имамдар форумы, т.б. жобалар жүзеге асырылды.
Наиб мүфти қазақстандық исламтану мектебін қалыптастыру мақсатында «Қазақстандағы исламтану: тарихы, дәстүрі, дамыту жолдары» атты жоба дайындалып жатқанын айтты:
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
22.02.2018
3613
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру