Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЕШІТТІҢ АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Ақмола облыстық баспасөз қызметі 22.02.2018 3710 0 пікір
МЕШІТТІҢ АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Науан хазірет мешітінде күнделікті діни мәселелерді жамағатпен ақылдаса отырып шешу мақсатында ақылдастар алқасы құрылды. Бұл алқаға өңірге ғана емес, елімізге есімі танымал Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиев, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, Жақсы ауданының құрметті азаматы Ғабдісәләм Жоламанов, Ақмола облыстық қарулы күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұса Елеусізов және тағы басқалары енгізілді.

Алғашқы басқосуда жергілікті зираттағы діни рәсімдерді тәртіпке келтіру мәселесі кеңінен қаралды. Соңғы уақыттары мұнда жерлеу кезінде жөнсіз көріністер орын алып, осы бағыттағы жұмыстарды атқаратын серіктестік ойына келгенін істеп, дініміздің атына да кір келтіріп жүргені еш жасырын емес.

Ақылдастар алқасының мүшелері алдында хабарлама жасаған облыс имамы Қуаныш Сәбит зират мәселесіне орай пікірін ортаға салды. Ақмола облыстық дін істері басқармасының басшысы Болат Қасенов те елді алаңдатқан көп жайдың бетін ашты. Еңбек ардагері Болат Жанәділов мешіт жанынан арнайы ұйым құрып, барлық жерлеу рәсімдерін жүзеге асырса деген ұсынысын жеткізді. Жалпы, зиратты қоршау, белгітас орнатуды біріздендіру, жолды асфальттау, жарық орнату сияқты мәселелерде өміршең екені айтылды. Жазушы Жабал Ерғалиев қабірлерді түгендеу мен тізімдеудің де маңызды екенін тілге тиек етті.

Алқа жиынында басқа да мәселелер қаралды. Мешіттің қайырымдылық істері де сөз болды. Адамдарды иманға шақырып, Ханафи мазһабының құндылықтарын тереңірек зерделеу жайы да әңгіме өзегіне айналды.

 https://youtu.be/vKT7y3rowP8

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру