«Бала көңілдің гүлі, көздің нұры» - деген жақсы сөз бар. Баласын көкке көтеріп, төрге шығарып, ерекше құрметтеген бабаларымыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жастайынан жақсы әдеттерге баулып, өсе келе маңызды шаруаларға араластырып, өнегелі тәрбие беруге тырысқан. Баланың титтейінен тәтті қылықтарын қызықтап, жақсылықтарына қуанып, мерейлерін асырған. Сәбилерге осындай шаттық көңіл – күй, сыңғыр күлкі, сыйлау мақсатында облыстық әйел-қыздар секторының бастамасымен мешітіміздің жанашыры «West Үміт» волонтерлар тобының басшысы Айдана Менжанова Пхенчханда өтіп жатқан ХХІІІ қысқы олимпиадасы аясында облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленуші балаларын Орал қаласындағы «Светячок» турбазасы орталығының ойын алаңына апарып, қуаныш сыйлады.
Балалар ойын алаңын көргенде жүздері бал– бұл жайнап, ойынның қайнаған базарында асыр салып, шаттық күлкіге ерік берді. Ойын алаңы сәбилердің сыңғыр күлкісіне толып кетті. Іс– шара соңына қарай облыстық әйел-қыздар секторының меңгерушісі Гүлжамила Ахметова мен «West Үміт» волонтерлар тобының басшысы Айдана Менжанова мен көмекшілері балаларға тәттілер мен сусындар таратты. Балалар қуанышқа кенеліп ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлына, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиешісі Асанова Надеждаға алғысын жеткізді. Бұл іс– шараны ұйымдастырғаны үшін облыс орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Тыныштықұлына, Гүлжамила Ахметова мен Айдана Менжановаға, мешіт қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
Іс– шара соңында балалар естелік суретке түсіп, сәбилердің тәтті күлкісіне тоймаған күйі тарқасты. "Балалы үй базар" демекші сәбилеріміздің бақытты базары, шаттық күлкісі көп болсын.
Алла ғұмырларын ұзақ қып, егеменді еліміздің туын желбіретер азаматтар боп өссін деген тілектеміз. Ал, сәбилерге шаттық күлкі сыйлаған иманды жандарға «Алланың нұры жауып, сізге ризашылығын төксін» дейміз!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
22.02.2018
5837
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру