Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨКІЛ ИМАМНЫҢ УАҒЫЗЫ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 21.02.2018 3444 0 пікір
ӨКІЛ ИМАМНЫҢ УАҒЫЗЫ

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру қоғамдағы басты мәселелердің бірі. Дінді насихаттау әлсіресе халықтың соқыр сенімге еріп, оң-солын ажырата алмай қалатыны айтпаса да түсінікті. Яғни, «Дін – насихат» деген асыл сөздің астарында үлкен ұғым жатқанын осыдан ұғынамыз.

Толығырақ айтар болсақ, Қасиетті Құранда Алла Тағала:

''Раббыңның жолына көркем үгіт насихатпен шақыр '', -деп әмір етсе, хадисте
«Дін - ол насихат»,- дейді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінде, осыған орай, насихаттық шаралар, уағыздар жүргізу тұрақты өткізіліп келеді. Мысалы, әрбір жұма сайын өкіл имам, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жамағатқа арнап тұрақты уағыз жұмысын жүргізеді.

Уақыт өткен сайын жұма намазынан кейін қалып уағыз тыңдаушылар саны артып келеді.

Апта сайын түрлі тақырыптарды қамтыған уағыздар, сабақтарға қатысушылар өз тараптарынан алғыстарын жеткізуде.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру