ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының 2018 жылғы алғашқы басқосуы қалалық «Умар әл-Фаруқ» мешітінде өтті. Жиналысқа облысқа қарасты қала, аудан имамдары толығымен қатысты. Өкіл имам Н.Исеновтың басқаруымен өткен бұл жиында аталмыш имамдардың 2017 жылы атқарылған іс-қызметтер есебі (жылдық есеп видео ролигімен қоса), жат ағыммен жұмыстар есебі, «Нұр Мүбарак» университеті мен медреселерге шәкірттер дайындау барысы, ҚМДБ-нан бекітілген бесін, ақшам намазынан кейін айтылатын уағыздар барысы талқыланды.
Мінберге кезегімен көтерілген қала, аудан мешітінің бас имамдары өткен жылы атқарған іс – қызметтерінің есебін бейнеролик арқылы таныстырып, 2018 жыл шыққаннан бергі іс-қызметтеріндегі жаңа бастамаларымен таныстырып, өкіл имамның қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар өз әріптестеріне үлгі боларлық тәжірибелерімен бөлісті. Қызмет барысында кездесетін кейбір мәселелерді ортаға салды. Алдағы мерзімде атқаратын іс-шаралар жоспарын талқылап, пәтуаға келді.
Жиын соңында өкіл имам Н.Исенов іс-қызметін табысты атқарған қала, аудан имамдарын алғыс хатпен марапаттады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
20.02.2018
3336
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру