Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИМАМДАР ҮНДЕУГЕ ҮН ҚОСТЫ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 20.02.2018 3191 0 пікір
ИМАМДАР ҮНДЕУГЕ ҮН ҚОСТЫ

Еліміздің бас қаласы Астанада Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен ресми жиналыста Бас мүфти дін қызметкерлеріне «Өзгеруді өзіңнен баста» деп ұран тастаған болатын.

«Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», жаңа қызметімде дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды», – деген болатын Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық мешіт имамдары бас қосып, үндеуге қолдау көрсету шараларын бастап кетті. Қала және аудан имамдары бас қосқан жиынды бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді. Аталмыш үндеу аясында қала және аудандарда арнайы семинарлар өтіп, түрлі жобалар жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, жиын барысында қала және аудан имамдарына бірқатар тапсырмалар жүктеліп, жобалар кеңінен талқыланды.

Атап айтар болсақ, мешіт тазалығына жіті мән беру, насихат шараларын тұрақты, жүйелі ұйымдастыру, жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында түрлі спорттық шараларды көбейту, ашық есік күндерін өткізу және басқа да жоспарлы жұмыстарды үздіксіз жүргізіп отыру тапсырылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру