Бүгін Орал облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Білімді дамытпаған елдің болашағы жоқ» тақырыбында екі күндік семинар өтті. Семинарға Орал орталық мешітінің ұстаздары, апаларымыз бен ару қыздарымыз қатысты.
Семинар басында ҚМДБ-ның БҚО бойынша әйелдер-қыздар секторының төрайымы, облыстық орталық мешітінің ұстазы Гүлжамила Ахметова сөз алып, ақ тілегін айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Бірінші күні мешіт ұстазы Бақытгүл Өтегенқызы «Қыз- келіншектерге қатысты фиқһ мәселелері» атты тақырып аясында насихат жасаса, екінші күні «Отбасы құндылығын сақтау – мемлекеттің даму кепілі» жайында сөз қозғап, апаларымыз бен аруларымызға фиқһ тұрғысынан білімді болуға, құлшылықтарын кемел атқаруға шақырды. Құлшылықта мән берілмейтін кейбір қателіктерді айтып, ара-жігін ажыратып, отбасылық құндылықтарын кеңінен түсіндірді.
Шара соңында сұрақтар қойылып, жауап берген шәкірттерге сыйлықтар беріліп, сертификаттар табысталды.
Осындай игі бастамалар жыл соңына дейін жалғасын тауып, аудан көлемінде жалғаспақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша әйелдер-қыздар секторы
19.02.2018
3516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру