Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада мұқтаж отбасылар үшін тегін дүкен ашылды

baq.kz 19.02.2018 3740 0 пікір
Астанада мұқтаж отбасылар үшін тегін дүкен ашылды

 

Астанада халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолдауға бағытталған акциялар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қайырымдылық. Доброта» жобасы қолға алынды. «Көктал» бөлшектердің әмбебап базары ауданында (Көктал, 18) әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін арнайы бутик ашылды. Бутикте ешбір затқа баға қойылмаған. Әлеуметтік жобаның бастамашысы – «Астана-Қамқор» ЖШС-нің директоры Тимур Оразақов. Азаматтар өз қалауымен арнайы бутикке киім-кешектерді, аяқ киімдерді, ойыншықтар мен кітаптарды әкеле алады.

Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Астанада көмекке мұқтаж азаматтарды тегін түрде азық-түлікпен қамту бойынша қайырымдылық акциясы өткізіліп жатыр.

Әр апта сайын ұйымдастырушылар «Шапағат» коммуналды базарында, Жеңіс даңғылы, 55; І. Есенберлин көшесі 2\1; Ғ. Мұстафин көшесі, 13 мекен- жайлары бойынша орналасқан «5 минут» супермаркеттер желісінің үш дүкенінде 120-200 бөлке нан таратады.

Аталмыш акция халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған.

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру