Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Уағыз сайысы өтті

ОҚО, Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі 19.02.2018 3380 0 пікір
Уағыз сайысы өтті

Асыл дінімізді насихаттау мақсатында ОҚО, Сарыағаш аудандық мешітінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде  «Үздік зияткер имам» тұжырымдамасы аясында «Дінге қызмет– бізге міндет» атты имамдар арасында уағыз айтудан сайыс өтті. Сайыс әуелі хақтың сөзі - Құран оқумен басталды. Құранды Абай ауылы «Ешан баба» мешітінің имамы А.Садыков оқыды. Әр имамға тақырып берілді. Сайыс шартында имамның 10 минутта аят, хадис, мақал-мәтел, нақыл сөздер, риуаят, өмірлік оқиғалардан қосып жан-жақты қамтып айтуына, сөз саптауына, тілдің тазалығына мән берілді. Уағыз сайысына 12 имам қатысты. Сайысқа ОҚО бойынша өкіл имам орынбасарлары Б.Әміре, Ж.Ордабекұлы арнайы қатысты. Өкіл имам орынбасарлары Б.Әміре, Ж.Ордабекұлы, Сарыағаш медресе-коллеждінің орынбасары Н.Төребеков, аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, ақын Ж.Наушабеков сайысқа төрелік етті. Сайыскерлер сарыағаш өңірінде уағызы әсерлі, сөздері көңілге қонымды, білікті имамдардың бар екенін дәлелдеп берді. Тіпті төрешілер жүлделі орындарды анықтауда қиналғандығын да тілге тиек етіп өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:  

1-орынды Құркелес елді мекеніндегі «Құркелес» мешітінің имамы Д.Ниязов иеленді.

2-орынды Еңкес елді мекеніндегі «Мұсабек ата» мешітінің имамы Н.Абдумомынов иеленді.

3- орынды Қапланбек елді мекеніндегі «Құрбан қожа» мешітінің имамы А.Мейірбеков иеленді.

Жүлделі орын иелеріне арнайы сыйлықтар берілді. Уағыз сайысына қатысқан әрбір имамға облыс имамы атынан сертификаттар табыс етілді. Найб имам  Б.Әміре  облыс өкіл имамы Б.Бейсенбаевтың жамағатқа арнайы сәлемін жеткізіп, уағыз айтудың қыр-сырына тоқталып, уағыз айту асыл дініміздің негізгі құралы екенін айта келе бұл игі шара облысымызда алғаш рет жоғары деңгейде мәдениет үйінде өтіп жатқандығына тоқталып, өзгелерге үлгі болса екен деп сөзін түйіндеді. Жиналған жамағат осындай игі шараның өтуіне ұйытқы болған ауданның бас имамы Б.Қалдаров пен бірқатар азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

         

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру