Ислам дінінің мүддесі – ынтымақ, береке, ауызбіршілік. Діннің арқасында жамағаттың бастары бірігіп, ортақ пікірге тоғысатыны, тілектерінің бір болары ақиқат.
Жамағат санының көбейіп, уағыз насихат тыңдауға деген ынтасының артуына себеп болар шаралар да баршылық.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен мешітте әрбір бейсенбі сайын ауызашар ұйымдастырылып, ауыз бекіткен жамағат бір дастархан басында бас қосады. Осы күні құптан намазының алдында уағыз айтылып, құптан намазынан кейін тасбих намазы тұрақты түрде жүргізілуде. Апта сайын Құран хатым шығарылып, жамағатпен бірге дұға жасалуда.
Асыл дініміз Исламның түпкі мақсатына қарасақ, діннің бар болмысы ауызбіршілікті сақтау, бірлікте болуға шақыру. Тіпті «Ислам» деген сөздің өзі «мойынсұну», «бағыну» деген мағынаны берсе, құлшылықтың астарында жатқан мағына да – Аллаға және оның пайғамбарына бағынушылық.
Демек, бағыну бар жерде бір ниет төңірегінде бірігу бар және бірігіп, бір ойдың төңірегінде болғанда ынтымақ, бірлік болары сөзсіз.
Осыны ұғынған мешітке келушілердің қатары артып, жоғарыда аталған тасбих намазына қатысушы, ауыз бекітуші жамағаттың да саны күн сайын артып келеді.
Бұл шара Алла қаласа, өз жалғасын таба бермек.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
16.02.2018
7283
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру