Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Келелі кездесу

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 15.02.2018 3413 0 пікір
Келелі кездесу

БҚО бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ инженерлік-техникалық орталығында «Діни экстремизм мен терроризм идеяларын» таратуға қарсы іс-қимылға бағытталған құқықтық және діни сауаттылығын арттыру мақсатында мекеме қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру мақсатында бас қосу өтті.

Жиналысқа Орал орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов, полиция майоры Бағдат Аманжолұлы, Орал қаласы, Жаңақала мен Тасқала аудандарының қызметкерлері онлайн арқылы қатысты. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы құқық бұзушылықтан, кері ағымдардан аулақ болу, тәлім-тәрбие, білім алудың маңыздылығы, үлкенді құрметтеу жайында уағыздады. 
Сала мамандары мекеме қызметкерлеріне өз насихаттарын айтып, олардың сұрақтарына жауап берді.

Мекеме ұжымы мамандарға өз алғыстарын білдірді.
                                     

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру