Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Өкіл имамның кезекті уағызы  

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі 15.02.2018 3157 0 пікір
Маңғыстау: Өкіл имамның кезекті уағызы  

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков 13 ақпан күні Қарақия ауданы, Жетібай кентіндегі Сүйінғара Үргенішбайұлы мешітіне арнайы барып, шам намазынан кейін жамағатқа «Ұлы сахаба Хазіреті Әли» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында Хазіреті Әлидің исламды қалай қабылдағаны, Алла жолында жасаған жанқиярлығы мен батырлығы, әділдігі, тақуалығы, жомарттығы мен қайсарлығы кеңінен айтылды. Ұлық сахаба, жәннәттық деп сүйіншіленген дара сахабаның ғибратқа толы ғұмыры барша мұсылманға өнеге. Сахабаларды қанша дәріптеп, ғибратты ғұмырларын айтсақ та ешқашан өміршеңдігін жоғалтпайды.

Өкіл имам С.Сейтбеков шам мен құптан намзына имамдыққа шығып, еліміздің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға етті. Уағызға келген жамағат уағыздан алған әсерлері үшін өкіл имамға алғыстарын айтса, ақсақалдар игі тілектерін білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру