Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАСТАРҒА НАСИХАТ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт –Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 15.02.2018 3435 0 пікір
ЖАСТАРҒА НАСИХАТ

Жыл сайын 14 ақпан – Әулие Валентин күні деп еліктейтін жастарға имамдар тарапынан арнайы насихат жүргізіледі. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен қаладағы оқу орындарының жатақханаларындағы жастармен кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында қала мешіттерінің имамдары жастарға жаман әдетке итермелейтін, дінде ешбір негізі жоқ мұндай күндерді атап өтпеуді түсіндірді. Өз кезегінде қатысушы жастар имамдарға сауалдарын қойып, бұл күннің зиянын толық ұғынып, тойлауға жол бермейтіндіктерін жеткізді.

Облыс имамдарының жыл сайынғы уағыз-насихаттарының нәтижесінде жастарымыздың осы күнге деген көзқарасы өзгеріп, имандылыққа бет бұрушылығы артуда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру