ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің жанынан қамқоршылар кеңесі құрылды. Қамқоршылар кеңесінің құрамында белгілі журналисттер мен ақындар - “Жетісу” телеканалының басшысы Бейсен Құранбек, «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Арын, “Огни Алатау” газетінің бас редакторы Атсалим Идигов, Жұмахмет Жайлаубаев, ақын Жұматай Әміреев, Алматы облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Ермек Келiмсейiт және қоғам қайраткерлері, белсенді ақсақалдар бар.
Құрылған қамқоршылар кеңесі бұдан былай асыл дінімізге тікелей жанашыр болып, ел арасында және БАҚ кеңістігінде дәстүріміз бен дін туралы дұрыс та оң пікірлерін айтып, көпшіліктің дұрыс бағытта жүруіне, радикалды топтарға қарсы тұруына ықпал ететін болады.
Сондай-ақ, діни басқарма мен өкілдіктің атқарып жатқан іс-шараларын, халықтың дамуы мен бейбіт өмірге орасан үлес қосып жатқандығы туралы да көпшілікке жеткізбек. Өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлының ұйытқы болуымен құрылған кеңес мүшелері дастархан басында бас қосумен, ұлтжандылығын көрсете отыра, күн тәртібінде қойылған мәселелерді кеңінен талқыға салып, ой бөлісті. қамқоршылар кеңесі ҚМДБ-ның бастамаларын қолдайтындығын және насихаттауға дайын екенін білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
15.02.2018
5040
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру