Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: «Ізгілер жолының» іркімді істерінің бірі

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 15.02.2018 3196 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: «Ізгілер жолының» іркімді істерінің бірі

Маңғыстау облыстық орталық мешітіне қарасты «Ізгілер жолы» жастар ұжымы бүгінгі таңда көпке үлгі болып, игі шаралар ұйымдастырып келеді. Игі шараның бірі салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мешітке келуші жастар арасында кір (гир) тасын көтеру мен қол күрестен жарыс өткізді. Жүлделі орындардан көрінген жастарға сыйлықтар табыс етілді.

Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздан (Алланың ол кісіге игілігі мен сәлемі болсын):

«Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда жақсырақ, әрі Аллаға ұнамдырақ. Бірақ, екеуінде де қайыр бар. Өзіңе пайдалы дүниеге ұмтыл, Алладан жәрдем сұра, дәрменсіздік танытпа. Бір жағдайға тап бола қалсаң, «Егер мен былай істегенде былайша-былайша болар еді» деп айтпа. Алайда: «Алла Тағала жазды, Оның қалауы болды», деп айт. Өйткені, «егер» деген сөз шайтанға жол ашады», деген хадисті риуаят етеді. (Муслим)

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру