Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: «Жақсылықта жарысайық!» акциясы (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 13.02.2018 3391 0 пікір
Өскемен: «Жақсылықта жарысайық!» акциясы (ФОТО)

Көмекке мұқтаж балаларды қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы «Защита» мешіті «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ізгілік шарасына Өскемен қаласындағы «ШҚО Білім басқармасының арнайы мектеп-интернатында» тәрбиеленіп жатқан жеткіншектер қамтылды.

Бұл қайырымдылық аясында көмекке мұқтаж 143 балаға киім-кешектер мен тәттілер, ойыншықтар таратылды.

Қайырымдылық көмегін табыстау сәтінде Өскемен қаласы «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұлов:

«Біз мешіт жанынан ерікті жамағаттардан қайырымдылық шарасын ұйымдастыратын топ құрып, арнаулы мектеп-интернатты осы шараға қамтып отырмыз. Біз мұнымен ғана шектелмей, алдағы уақытта мұқтаж отбасыларға көмек көрсететін боламыз»,- деп атап өтті.

Шараны ұйымдастырушыларға интернат басшылығы алғыстарын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру