ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Өскемен қаласындағы 27943 әскери бөлімінде өткен шараға арнайы қатысып, әскери қызметкерлер алдында «Әскери ортаға дәстүрлі емес діни идеологияның еніп кетпеуіне жол бермеу» тақырыбында баяндама жасады.
Өкіл имам өз сөзінде діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимыл саласында идеологиялық шараларды ұйымдастырудың маңызды екендігін айта келе:
Сонымен қатар, отан қорғаудың маңыздылығы жайлы ислам ұлағатынан құнды тағылымдар айтып берді. Жиын барысында әскерилер тарапынан кері ағымдар тарихы туралы қойылған әртүрлі сұраққа өкіл имам нақты мысалдармен жауап берді.
Басқосу соңынан өкіл имам кірпік қақпай ел тыныштығын күзетіп тұрған сарбаздарға амандық, елімізге бейбітшілік тілеп, дұға жасады.
Тағылымдық және танымдық әңгімесі үшін әскери бөлім командирі өкіл имамға шынайы алғыс білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
12.02.2018
3176
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру