Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам «Неке және отбасы» тақырыбында дәріс оқыды

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі 09.02.2018 3544 0 пікір
Өкіл имам «Неке және отбасы» тақырыбында дәріс оқыды

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы кеше орталық «Иманғали» мешітінде жастармен кездесті. Кездесу барысында бас имам «Неке және отбасы» тақырыбында дәріс оқыды.

«Қасиетті Құранда: «Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық» деген аят бар. Жалғыздық Аллаға ғана жарасқандығын ескерсек, жасы жеткен әр адамның өз сыңарын тауып, некелескені абзал іс саналады. Жалпы, Құран Кәрім некелесуді әмір етеді. Мұхаммед пайғамбарымыз хадистерінде «Некелесіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көптіктеріңмен мақтанамын» және «Неке қию — менің сүннетім. Сүннетімді тәрк еткен адам менен емес» деп өсиет еткен. Және неке үлкен жауапкершіліктің, үлкен өмір белесінің бастауы» деген өкіл имам Батыржан Мансұров жастар тарапынан қойылған көптеген сауалдарға жауап берді.

Кездесу барысында Батыржан қажы Берденұлы неке қандай жағдайда құрылады, неке құрудың басты талаптары, отбасылы атанудың артықшылықтары, ақ неке алдындағы жауапкершілік мәселелері төңірегінде ой бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру