Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жемқорлықтың зардабы жайлы айтылды

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 08.02.2018 3820 0 пікір
Жемқорлықтың зардабы жайлы айтылды

Жем қаласындағы УКА-168-5 түзету мекемесінің ұйымдастыруымен Жем қалалық Мәдениет үйінде мекеме қызметкерлерімен келелі жиын өтті. Жиын тақырыбы сыбайлас жемқорлықпен күреске арналды. Оған Жем қаласының әкімі Жұматай Убайдуллаұлы, аудандық мәслихат депутаты Гүлзада Қанаткерейқызы, түзету мекемесі бастығының орынбасары Бағымбаев Жеңіс және қаланың бас имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов қатысты.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын жүргізу туралы айтылды. Ембі қалалық "Нұр" мешітінің Бас имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов "Жемқорлық - ұлт болашағына балта шабу" тақырыбында баяндама жасап, жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы, адал жолмен ризық табудың маңыздылылығын тілге тиек етті. Кездесуде жалпы саны 70-ке жуық адам қамтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру