Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қыз-келіншектер тағылым алды

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 07.02.2018 3405 0 пікір
Қыз-келіншектер тағылым алды

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторы дүниежүзілік хижаб күніне орай «Шариғат шәлісі» атты мерекелік шара өткізді.

Танымы мен тағылымы мол басқосуға мешіт шәкірттері, жасы үлкен аналар мен аяулы әжелеріміз де қатысып, өздерінің үлестерін қосты.

Мерекелік шара алдымен қасиетті Құран оқумен басталып, бейне роликпен жалғасты. Сонымен қатар,  жұртшылықтың ой-өрісін кеңейтер викториналық ойындар өткізілді. Мақаламыздың тақырыбы айтып тұрғандай, орамал тағудың түрлері көрермендерге көрсетілді. Шараға қатысқан апалар мен әжелер сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа ақ баталарын берді.

Осынау кеш соңында қынамен сурет салу өнері көрсетіліп, мәртебелі қонақтарға дастархан жайылды.

Міне, осылайша дүниежүзілік орамалы күнінің құрметіне арналған Қостанай өңіріндегі игілікті шара жоғары деңгейде өткізілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру