Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

100 отбасыға көмек берілді

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 07.02.2018 3334 0 пікір
100 отбасыға көмек берілді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын бастап, акция аясында түрлі қайырымдылық шараларын жалғастыруда. Жалпы қайырымдылық жасау – ұлы Жаратушының разылығына бөлейтін сауапты амал екендігі белгілі.

Осындай игілікті істің бірі кеше орталық мешітте өтті. Орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бастамасымен, барлық қалалық мешіттердің қолдауымен 100 отбасыға көмек берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен, тұрмысы нашар, көмекті қажет ететін тұрғындар тізімі жасалып, оларға азық-түлік түрінде көмек көрсетіліп, арнайы дастархан жайылды. Қайырымдылық шарасының жалпы көлемі  500 кг картоп, 500 кг жуа, 1 тонна макарон өнімдері, 300 кг шекер, 200 литр май, 1 тонна ұн, 100 кг тұздан тұрды.

Арнайы жайылған дастархан басында өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысушы тұрғындарға иман, Ислам діні жайлы айтып өтті.

Алла Елшісі бір хадисінде: «Кімде-кім Исламда бастама көтеріп, қандай да бір игі іске мұрындық болса, өзінен кейін сол істі істегендердің алған сауабындай сауапқа кенеледі. Одан кейін сол игі істі істегендердің сауабы титтей де кемімейді» деген екен. Мұндай сауапты істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

"Жүрек жылуы" қайырымдылық шарасынан көмек алған тұрғындар мен мешіт жамағаты ұйымдастырушыларға шексіз ризашылықтарын білдірді.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру