Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Деструктивті ағымдар және діни экстремизм» атты семинар өтті

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 07.02.2018 3688 0 пікір
«Деструктивті ағымдар және діни экстремизм» атты семинар өтті

Шымкент қаласы ИЧ 167/11 мекемесінде «Деструктивті ағымдар және діни экстремизм» мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына мекеме басшысы әділет майоры П.Исақбаев, ҚМДБ-ның ОҚО орынбасары М.Ақтамберді, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Г.Төлегенқызы, «Нұр Отан» партиясы ОҚО бойынша филиалы Шымкент қалалық бөлімшесінің өкілі Б Тұяқбаев, ОҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары Қ.Сартаев, Е.Ерманов т.б. жас мамандар қатысты.

Семинар барысында ОҚО орынбасары Мусабек Ақтамберді «Отанды сүю- иманнан» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.

Семинардың негізгі мақсаты: жас қызметкерлердің отансүйгіштік қасиетін арттыру, діни экстремизм мен террорлық әрекеттердің алдын алу, т.б. мәселелер қаралып, талқыланды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру