Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласы Әйел-қыздар секторы 

www.muftyat.kz 06.02.2018 5037 0 пікір
Алматы қаласы Әйел-қыздар секторы 

ҚМДБ Алматы қаласы Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Әйел- қыздар секторының ұйымдастыруымен  Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Заря Востока" мешітінде " Туған жер" тарихи- танымдық кеш болып өтті.

Елбасының тарихты зерттеу және ұлттық кодты қалпына келтіру бойынша айқын дүниетанымдық  бағдар беретін "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру " мақаласы халқымыз үшін тағдыршешті оқиғаға айналды. Халқымыз тарихын мыңдаған жылдар бойы тұтып, мақтан етіп келеді.

Әр бір  адам табиғатынан туа біткен тарихшы десек артық айтпаған болар едік. Біз  өткенімізге аты аңызға айналған ата-бабаларымыздың өшпес ерліктерімен есте қалған ғасырлар тұңғиығынан қарайтынымыз хақ. Бүгінде еліміздің бай тарихи мәдени мұрасына қызығушылық арта түскені байқалады.

Призидент бастаған" Туған жер" бағдарламасы рухани жаңғырудың маңызды факторына айналды. Осыған орай Әйел- қыздар секторының ұйымдастырған  "Туған жер" тарихи- танымдық кеші қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Алматы қаласы Заря Востока мешітінің бас имамы Ахметов Қазыбек қажы  сөз сөйледі . Алматы қаласы Әйел- қыздар секторының басшысы  Маржанқыз Оразанбайқызы жамағатқа туған жерге деген сүйіспеншілік және туған жердің қадірі жайлы уағыз- насихат айтып, Елбасының  "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласындағы " Туған ел" бағдарламасына тоқталып өтті. Сонымен қатар кеште руханиатпен байланысты өлең жырлар оқылып, қазақ халқының әдет- ғұрпының ислам дінімен терең байланысқан тұстарынан шәкірттер "жеті шелпек "көрінісін қойды. Қазақ елі өз жерінде татар, украйн, ұйғыр, дүнген және тағы  басқа ұлттарды кең пейілмен қарсы алып өз қамқорлығына алғандығы  жайлы айтылды. Заря Востока мешітінің ұстазы Лейла Раязқызы  хужурат сүресіндегі " Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық . Сондай-ақ бір- біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық.Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың",-аятын оқып, тарихи- танымдық кешті қорытындылады.  Жиын соңында жамағатқа дастархан жайылып, ас берілді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру