Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраулықтар автобуспен тегін тасымалдануда

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі 05.02.2018 3103 0 пікір
Атыраулықтар автобуспен тегін тасымалдануда

Атырау облысының бас имамы Батыржан қажы Берденұлы ерекше бастаманың ұйытқысы болып отыр. Қасиетті жұма күнінің құрметіне екі автобус атыраулық жолаушыларды тегін таситын болады. «Теміржол вокзалы – Авангард», «Теміржол вокзалы – Құрсай» бағытында қатынайтын қоғамдық көліктер осылайша, қарапайым азаматтардың алғысына бөленіп отыр.

Әсіресе, қыстың қытымыр аязында орын алған бұл бастамаға қала тұрғындары дән риза.

«Садақа, зекет беру, жалпы, адам баласына, қоршаған ортаға жақсылық жасау – исламда әрине құпталатын сауапты іс. Десек те, мұндай игі істер дінге бөлінбейді. Яғни, жақсылық жасау әр адамның өмірлік ұранына айналуы тиіс. Барлық адам өзгерісті қалайды. Бірақ, өзгеруді өзінен бастаушылар сирек. Қасиетті жұманың құрметіне орай қолға алынып отырған бұл бастама көпшіліктің қолдауына ие болады деп ойлаймын» дейді Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлы.

Айта кету керек, бір автобус "Иманғали" орталық мешіт жамағаты, екінші автобус қаламыздағы "Құспан-Молда" мешіті жамағаты атынан қолдау көрсетіп отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру