Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Өкіл имам аудандық мешітте уағыз айтты   

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі 05.02.2018 3767 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Өкіл имам аудандық мешітте уағыз айтты   

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков 2 ақпан күні Қарақия аудандық мешітке арнайы барып, шам намазынан кейін жамағатқа уағыз айтты. Уағыз тақырыбы ретінде көзі тірісінде жәннәтпен сүйіншіленген, екінші халифа «Хазіреті Омардың (оған Алла разы болсын) ғибратқа толы өмірі» жайында болды. Хазіреті Омардың әділдігі, тақуалығы, ел билеу саясаты, пайғамбарға (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігі, сүннетті берік ұстануы барша мұсылманға өнеге.

Өкіл имам С.Сейтбеков шам мен құптан намзында имамдыққа шығып, еліміздің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға етті. Құптан намазынан кейін аудандық мешіт ауласында жаңадан бой көтерген имамдарға арналған 2 қызметтік үй мен әйел затына арналған сауат ашу сыныбын аралады.

Үрдіске сәйкес мешіт жамағаты аптасына бір рет рухани уағыздан кейін дастархан жайып, ынтымақ пен бірлікті арттыру шарасын ұдайы ұйымдастырып келеді. Өкіл имам дастархан басында да жамағатқа тұшымды уағыз айтып, Алла жолында қызмет етіп жүрген, мешітке қол ұшын беріп жүрген барша бауырларға алғысын білдірді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру