Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық мешітте псевдосәләфилермен жеке кездесу жұмыстарының мәселелері талқыланды

asyldin.kz 02.02.2018 3419 0 пікір
Облыстық мешітте псевдосәләфилермен жеке кездесу жұмыстарының мәселелері талқыланды

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі 12 имамнан құрылған жат ағымға қарсы насихат тобының кезекті бас қосуын өткізіп, онда өткен айда қаламыздағы Нәби және Бегалы мешітінде жүргізген үгіт жұмыстарының нәтижелерін талқылады. Жиын барысында қазіргі кезде дін саласында ушығып тұрған псевосәләфилердің әрекетіне қарсы иммунитет қалыпастырудың жолдары айтылды.

Өкіл имам Данияр Әлимұхаммедұлы жат ағымның жетегінде кеткен азаматтарымызбен жекелей кездесу жүргізудің тиімді тұстарына тоқталып, алдағы уақытта аталмыш топпен жеке кездесулерге көп көңіл бөлу керектігін естеріне салды. Облыстық дін істері басқармасының өкілі Еркебұлан Есмахан жат ағыммен күресте бірлесе жұмыс жасасақ, нәтижелі болады деген тілегін білдірді. Жиын соңында жат ағымға қарсы насихат тобына бірқатар тапсырмалар жүктелді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру