Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отбасы бақыты – ұлт бақыты  

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің баспасөз қызметі 02.02.2018 3742 0 пікір
Отбасы бақыты – ұлт бақыты   

Ислам дінінде отбасы құндылығына, отбасы бірлігіне үлкен мән беріледі. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Үйлену менің сүннетім. Кім мұны тәрк етсе менен емес»,– деген. Үйленіп, отбасылы болып, отбасыңа жауапкершілікпен қарай алу мұсылманшылығыңның белгісі, иманыңның бір бөлігі десек артық айтқандық емес.

Қазақ халқы «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Бүгінгі таңда отбасы мәселесіне немқұрайлы қарап, сәбидің жүрегін жаралап, тірі жетім атындырып жүргендердың бар екендігі ақиқат. Жалпы, Ислам дінінде бақытты отбасын құрудың негізгі шарттары, ер мен әйелдің өзара міндеттері, жауапкершілік мәселесі кеңінен әрі нақты жеткізілген.

Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Отбасы бақыты – ұлт бақыты» атты семинар өтті.

Семинарда жас отбасылар «Қалмұхаммед ишан» мешітінің бас имамы Д.Рысбайдың уағыз-насихатын тыңдап, сауалдарына жауап алды.

Д.Рысбай отбасында туындаған мәселелерді шариғат тұрғысынан шешу, отбасын құрудың алғышарттары турасында түсіндірме жұмысын жүргізіп, жас отбасыларға өмірлік сабақ болар насихатын жеткізді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру