Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам ақсақалдармен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі 02.02.2018 3610 0 пікір
Өкіл имам ақсақалдармен кездесті

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков Маңғыстау аудан орталығы Шетпе кентіне арнайы барып, 31 қаңтар күні аудандық «Ардагерлер үйінде» кент ақсақалдарымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты 2017 жылы 15 ақпанда Шетпе кентіндегі мәдениет үйінде аудан бойынша 350 адам қатысқан келелі кездесу өтіп, аталмыш кездесуде «Садақа өткізудің маңғыстаулық ортақ әдебі» атты үндеу қабылданған болатын. Ол үндеуде облыстағы барша тұрғындарға садақа мен жаназа мәселесінде ысырапшылыққа, бәсекелестікке жол бермеу керектігі көтерілген еді. Мәселе облыстық деңгейде қолдау тауып, жалғасы ретінде 28 наурыз 2017 жылы Ақтау қаласында өкіл имамның ұйымдастыруымен барлық аудандық ардагерлер мүшелері, беделді ақсақалдар шақырылып, халықтық қолдауға ие болған еді. Аллаға шүкір басшылыққа алып, жүзеге асырып жатқандар да баршылық.

«Ардагерлер үйіндегі» келелі басқосуды Маңғыстау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманқос Ертілеуов ашып, өкіл имам С.Сейтбековке сөз берді. Өкіл имам С.Сейтбеков облыс жұртшылығы тарапынан қолдау тапқан үндеуге 1 жыл болғанын айта келе жаназа төңірегіндегі алып қашпа әңгімелерді де реттеу қажет екенін айтты. Діни басқарма тарапынан жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты пәтуа кітабын ақсақалдарға үлестіріп, кітаптың әрбір тарауын толықтай түсіндіріп берді. Шариғат барша мұсылманға ортақ, жаназа пәтуасы ел мұсылмандарына ортақ ереже. Сондықтан Діни басқарма бекіткен пәтуа бойынша жерлеу рәсімдерін атқару, бірізділікке түсіру қажеттігін түсіндірді. Ақсақалдар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Жиналыс соңында ақсақалдар өкіл имамға алғыстарын айтып, тарқасты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру