ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Халифа Алтай» мешітінде өтіп жатқан өңір бойынша әйел-қыздардың «1 айлық діни білімін жетілдіру курсына» елімізге танымал ірі ғалым, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы арнайы шақырумен келіп, дәріс беруде.
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы:
Бұдан соң Сансызбай ұстаз асыл дініміздің терең тағылымдарынан насихат айтты. Ол: «Ислам тарихындағы аналардың орны ерекше. Қадиша анамыз, Айша анамыз, Сара анамыз барлығы да асыл дініміз үшін айырықша істер атқарған. Ислам діні келу арқылы әйелдерідң мәртебесі көтерілген» деп атап өтіп, терең танымдық тағылымдар айтты. Сонымен қатар, ақ дастархан басында дәріс алып жатқан ақ жаулықты аналар сөз сөйлеп, өкілдікке және арнайы келген Сансызбай ұстазға шәкірттер атынан шынайы алғыстарын білдірді.
Ұстаздың дәрістері жалғасып жатыр. Алда Сансызбай қажы Құрбанұлының қатысуымен шәкірттердің білімі сараланып, сертификат беріледі деп жоспарланып отыр. Ұстаздың келу құрметіне облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ақ дастархан жайылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
01.02.2018
3666
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру