Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жүрек жылуы» атты акция болып өтті

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінің баспасөз қызметі 01.02.2018 3401 0 пікір
«Жүрек жылуы» атты акция болып өтті

Мейірім иманнан туындайды. Мейірім көрсетпегеннің мейірімге қауышпайтыны да белгілі. Бұл бағытта аймақтағы мешіт ұжымдары қиын жағдайға қалған тұрғындарға қол ұшын созып, қайырымдылық көрсетуді дәстүрге айналдырған.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияны өткізудегі негізгі мақсат – мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, мұсылмандар арасында бір-біріне сүйіспеншілікті арттыру және тұрғындарға көмек қолын созу болды.

Аталмыш акция барысында 50-ден астам жеңіл автокөлік, 1 «Газель» көлігі, 2 жоғары сыйымдылықтағы автобус тегін қызмет көрсетті. Аязды күндері қоғамдық көлікті ұзағынан күтіп қалған тұрғындар, қарт кісілер, мектеп оқушылары жалпы саны 3 мыңнан аса тұрғынға көмек көрсетілді.

Бұл қайырымдылық шарасына барлық қалалық мешіттер ұжымы, мешіт жамағаттары белсенді атсалысты.

Мешіт жамағаттарынан құралған 30 ерікті жас аялдамаларда тұрған тұрғындарды бағыты бойынша қаржысын төлеп, таксилерге отырғызды.

Қала тұрғындары өз кезегінде мешіттер ұжымына зор алғыстарын білдірді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру