ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев Шымкент қаласы «Шымкент медресе» колледжінің оқытушылар құрамы мен студенттердің күнделікті сабақ барысы және тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында білім ордасына келді.
Оқу ғимараттарының білім беру стандарттарына сәйкес келуімен және соңғы үлгідегі әрбір аудиторияларға кіріп, студенттердің қаншалықты білім алып жатқанын өз көзімен көрді. Сондай-ақ оқу ордасының басшылық ғимаратымен де танысқан өкіл имам оқу бөлімімен бірге арнайы білім беру пәндер кафедрасының қызметімен де жақыннан танысып, өз ақыл кеңесін берді.
Мұнымен қатар, өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы аталмыш медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарларын тыңдады.
Сондай-ақ, оқу ордасының білім деңгейі мен оқу базасын жан-жақты дамыту туралы бірқатар тапсырмалар берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
01.02.2018
3886
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру