Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Жастармен өткен келелі кездесу

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 01.02.2018 3449 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Жастармен өткен келелі кездесу

ҚМДБ Маңғыстау облыстық орталық мешіті, Облыстық дін істері басқармасы ММ, «Ақтау қалалық жастар үйі» бірлесіп студент жастарға  діни тақырыптарда семинар – тренингтер ұйымдастырып келеді.

«Рухани жаңғыру» аясындағы кезекті басқосу «Ақтау қалалық жастар үйіне» жиналған студенттермен болып өтті. Екі күнге жалғасқан кездесуге арнайы шақыртылған Маңғыстау облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қажымұхан Қамбарұлы «Исламдағы жастардың орны», «Білімді ұрпақ болашақ кепілі» тақырыптарында сөз қозғап, маңызды мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар студенттер тарапынан қойған сұрақтарға жауап берді. Шара соңғында қатысушыларға Облыстық дін істері басқармасы тарапынан діни парақшалар таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру