Алла Тағаланың өз құлдарына ризықты мол етіп беретін әр күні ізгілікке толы болады. Жаны жабырқағанға жанашырлық танытып, мейірімділік танытудың да сауабы мол. Дүйсенбі күні Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінде жамағатына арнап ақдастархан жайылды.
Бұл шараға барлығы екі жүзге тарта адам қатысты. Дастарханында басында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов сөз алып, «Қазақ мұсылмандығы мен бірлігі» жайлы уағыз айтып, Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Сатыбалды хазретіміз бастамасымен Түркістан қаласындағы өткен "Ислам жəне Ұлы дала өркениеті" атты конференциясы болып, рухани алған әсерін жеткізді. Алла Тағала өз құлдарын шапағатына алып, мейірін төгетінін де әңгіме өзегіне айналдырды. Мысыр елінен «Әл-Азхар» университетінің түлегі, қазіргі уақытта «Орал» медресесінің ұстазы Рабие Махмұд Мұхаммед Абдулғани «Ардақты пайғамбар - ең мейірімді жан» тақырыбында арабша уағыз айтып, Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінің найб имамы Ерген Құмаров қазақшаға аударып беріп, кеңінен жамағатқа жеткізді. Мешіт жамағаты дастарханнан дәм алып, шариғат жайлы әңгімеге қанығып, бір серпіліп қалды. Өкіл имам мен Орал қалалық мешіті атына жылы лебіздерін білдірді. Ал, өкіл имам Руслан Тыныштықұлы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. Жиналған жамағаттың сұрауымен дұға тіленіп, Құран оқылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан Саматұлы
31.01.2018
4519
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру