Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тағылымды кездесу

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз - қызметі 30.01.2018 3233 0 пікір
Тағылымды кездесу

Атырау облысының бас мешіті - «Иманғали» орталық мешітінде Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров Құптан намазынан кейін «Иман жастары» ұйымының мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында жастар бас имамға түрлі тақырыптар бойынша сауалдарын қойды. Ислам дінінің мәні, маңызы туралы сөз қозғаған Батыржан қажы Берденұлы еліміздің ислам дінінің қайта өрлеу кезеңін бастан өткеріп жатқандығын атап өтті.

«Дін - халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани-адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші болып қала береді.  Осыған байланысты, діни этиканың күші өскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Дін - күрделі және көп қырлы феномен. Сондықтан, Қазақстанда бауырларымыздың діни сауаттылығын арттыру ауадай қажет»,- деп атап өтті Батыржан қажы Берденұлы.

Кездесу соңы айлық отырысқа ұласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру