Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров бүгін «Иманғали» орталық мешітінде жамағатпен бірге оқылған Бесін намазынан кейін, «Әйелдер-қыздар секторы мүшелерімен» кездесті.
Кездесу барысында облыстың бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жүрек тазалығы, отбасындағы әке мен ананың рөлі, бала тәрбиесі тақырыптары туралы кеңінен әңгімеледі.
«Ислам құндылықтарының дені тазалық категориясынан бастау алатындығын атап өту қажет. «Тазалық» – жан және тән тазалығы болып екіге бөлінеді. Исламдағы рухани құндылықтар жүрек тазалығынан, яғни рухани тазалықтан туындайды. Адам баласы көптеген жақсылықтарды жасауы мүмкін, алайда ең әуелі жүрек күфірліктен арылуы қажет».- деген Батыржан қажы Берденұлы сектордың алдағы жұмыс жоспарымен танысты.



Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру