Қазақ елінің ежелден келе жатқан жақсы дәстүрі – қонақжайлылығы. Қазақ семіз қойын, басқа да жылы жұмсақ тағамдарын қонаққа әдейі сақтап «қонақ келеді» деп күтініп отырған. Осынау атадан балаға жалғасып ерекше құрметке бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрдің мәнін толық ашып көрсету мақсатында ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігінің әйел-қыздар секторының жетекшісі Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйымдастыруымен «Қонақ күту – қазақтың бөлінбеген еншісі» тақырыбында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде мешіт ұстаздары мен шәкірттерін қатыстырған арнайы іс-шара өткізілді.
Құран Кәрім аятын оқумен басталған шараға «Абай ауылы», «Жасыбай ауылы», «Естай ауылы», «Маралды ауылы», «Кереку ауылы»,- деген 6 топ қатысты. Топ басшылары өз топтарын мақал-мәтел, нақылдары арқылы көркем сөзбен таныстырып, топтың арнайы киім үлгісі мен эмблемаларын таныстырды.
Ары қарай «Соғым басы» немесе жергілікті атау бойынша омыртқаға шақыру дәстүрін көрсетіп, бұл дәстүрде табаққа малдың қандай мүшелері мен қандай жіліктері сыбаға ретінде салынатыны туралы әр топтан бір әже шығып түсіндіріп айтып берді. Ал қазылар алқасы олардан әртүрлі сұрақтар қойып жауап алды.
Келесі кезеңде «Соғым басы, шеке беру, омыртқаға шақыру" туралы түсіндіріп айту, қазақ халқының қонаққа шақыру түрлері, «Қонақжай» сөзінің ұғымы, қонақтың түрлері, қандай жағдайда арнаулы қонақ шақырылады, «Меймандостық», «Сыбаға» дегеніміз не, қазақтың қонаққа табақ тарту үлгілері қандай деген секілді көптеген сұрақтар қою арықылы сайысқа қатысушылардың білімі тексерілді.
Ал, үшінші кезеңде ұлтымыздың қонақжайлылығы туралы көптеген ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер сайысы (ас адамның арқауы, ас тұрған жерде ауру тұрмайды, ас иесімен тәтті, айға жетпес асыңды ауылдасыңнан аяма, ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса- ас көп т.б) өткізіліп ұпайлар берілді. Соңында «Ата сөзі – бата сөз» тақырыбында әжелер асқайыру батасының үлгілерін ортаға салды.
Сайыстың қорытындысын таныстырған әділ қазылар белсене қатысқан топтарға «Марапат хаттар» тапсырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
30.01.2018
6891
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру