Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда «Әйелдер қауымдастығы» құрылды (ФОТО)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің   баспасөз қызметі 30.01.2018 3575 0 пікір
Қарағандыда «Әйелдер қауымдастығы» құрылды (ФОТО)

Қарағандыда «Әйелдер қауымдастығы» құрылды. Атап айтқанда, «Әжелер» мектебі, «Ақ жаулықты аналар» мектебі, «Бойжеткендер» мектебі құрылды. Мұндай үлкен қауымдастықтың құрылу мақсаты - әйел адамдар арасында асыл дініміздің құндылықтарын жаңғырту. Ата - дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, оны ұрпақтан - ұрпаққа аман-есен жеткізуге үлес қосу. Аталмыш қауымдастықта отбасы тәрбиесі, ене мен келін, ұрпақ тәрбиесі бағытында мәселелер талқыланып, бүгінгі жас өреннің санасына сіңіру, дұрыс бағыт пен бағдар көрсету.

Сондай ақ, «Қызға қырық үйден тиым» демекші, қаракөз қыздарымызға  ұят пен иба, ұяңдылық пен кішіпейілділік қасиеттерін бойларына сіңіру. Мұсылмандық әдеп пен шариғат заңдарын толық меңгерту, ұмыт қалған салт дәстүрлерді қайта жандандыру. Мұндай берекелі әрі игі қызметтің пайдасы діннің ғана емес, еліміздің ертеңгі болашағы үшін де зор болмақ. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бекер айтылмаса керек. Ендеше, құрылған қауымдастық асыл аналарымыз бен аяулы қыздарымыздың салихалы өмір кешуіне өз септігін тигізіп, үлкен мектепке айналар деп ойлаймыз.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру