Көпшілікке мәлім, қаңтардың осынау суық күндері Елордамыз Астанада жол бойын тазартып жатқан қызметкерлерге ыстық тамақ берілді. Сондай-ақ такси жүргізушілердің арасында қала тұрғындарының үйлеріне тегін жүргізушілер де болды. Мешіт қызметкерлері де жақсы қырларымен танылды.
Дәл осындай қайырымдылық шаралары Қостанайдың Арқалық қаласында да болды. Мұндағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің намазхандары мен дін қызметкерлері аязды күндері көше аялдамаларында жолаушыларға ыстық шай мен тәттілер ұсынып, «тегін такси» қызметімен үйлеріне жеткізіп салды.
Осы арада аталған шараға қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өнеге көрсетті. Ол өз көлігімен көшеге шығып, нағыз адамгершіліктің үлгісін танытты.
«Тегін такси» қызметін ұсынушы намазхандар аурухана, орталық базар, халыққа қызмет көрсету орталығы сынды халық көп жиналатын жерлерге барып, жерлестеріне тегін қызмет көрсетті.
Аталмыш қайырымдылық шараға атсалысып, қызмет көрсеткен азаматтарға қала халқы батасын беріп, шынайы алғыстарын білдірді.
Осындай жүрекке жылылық ұялататын амалдар жасауда жарысайық, бауырлар!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
26.01.2018
3074
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру