Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар алдағы жұмыстарды нақтылады

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі. 25.01.2018 3207 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлының басшылығымен аймаққа қарасты барлық деңгейдегі  имамдар арасында алқалы жиын өтті.

Жиын барысында Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Индер, Мақат, Жылыой және Махамбет аудандарынан келген имамдар атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Көптеген маңызды мәселелер талқыланған жиында облыстың бас имамы Батыржан қажы Мансұров алдағы міндеттерді белгілеп берді. Яғни, мүфтият тарапынан бекітілген жұмыс ережесіне сәйкес, мешіттер ағартушылық, рухани, әлеуметтік сауықтыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра түсуі тиіс.  

Соның ішінде, діни рәсімдер, жоралғыларды өткізуді белгілі бір тәртіпке түсіру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде жеделдік қажет болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру