Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұстаздар Елбасы Жолдауын насихаттады

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 24.01.2018 3435 0 пікір
Ұстаздар Елбасы Жолдауын насихаттады

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің діни сауат ашу курсының шәкірттеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы насихатталды.

Ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы мен Ақерке Тұрғанбайлар ұйымдастырған бұл шарада ұстаздар аталмыш Жолдауда ел Президенті  білім берудің сапасын арттыру, үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт қалыптастырудың жоспары мен мемлекетіміздің алға қойған маңызды міндеттерін атап өткенін түсіндірді.

"Мемлекет басшысы ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетін бойына сіңірген ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудің мән-маңызына да тоқталып. ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. ...Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.

Ендеше, Елбасы Жолдауында баса айтып өткен «Рухани жаңғыру» бастамасы – дінімізге, дәстүрімізге, тарихымызға, сабақтасып келе жатқан асыл құндылықтарымызға деген мемлекетіміздің қамқорлығы болмақ дей келе сондықтан, ізгілік пен игілікті мақсат етіп, елдің қамы үшін қызмет ету – әр мұсылманға тән қасиет»,-деді ұстаздар өз шәкірттеріне.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру