Нұр-Мүбарак университетінде студенттердің жан-жақтылығы үшін қосымша іс-шаралар жиі өтеді. Соның бірі студенттердің өз сұрауымен «Тарих-и Рашиди» кітабын қазақша сөйлеткен ғалым Ислам Жеменеймен кездесу өте қызықты әрі маңызды болды. Ғалымның да жастарға айтары көп. Себебі 9 тілді тел меңгерген Ислам Жеменейдің қазақ руханиятына қосып жатқан еңбегі өлшеусіз. Тіпті қазақ деген ел мүддесі үшін тағдыр оны жат елде өсіріп, Отанға деген алапат махаббаты мен телегей білім дарытқандай. Соның бір нәтижесі тарихымыздағы өлшеусіз орны бар – «Тарих-и Рашиди» кітабы.
Парсы тілінде жазылған Мұхаммед Хайдар Дулаттың бұл еңбегі XIV – XVI ғасырлардағы қазақ хандығының қалыптасуы, Дешті-Қыпшақтарға қатысты оқиғалар, Моғолстанның құлауы, қазақ, қырғыз, өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуына қатысты деректерді, тағы да көптеген тарихи деректерді қамтыған құнды еңбек. Осы еңбекті негізге ала отырып ғалым Ислам Жеменей жастарға ел мүддесі мен игіліктері үшін бүгінгі тұлғаға қажетті қасиеттер мен қабілеттер жайлы айтты. Тарихтан тағылымды әңгімелерді мысалға келтіре отырып, қазіргі Қазақстанның жағдайы мен болашаққа қадам туралы тәжірибелі талдауларымен бөлісті.
Студенттер де көкейлеріндегі сауалдарын қойып, білімді тиімді меңгерудің жолдарын сұрап ақыл-кеңестер алды. Ғалымның әрбір сөзі тағылымға тұнып тұрғандықтан жастар да мұндай кездесуді тұрақты өткізіп тұруға өтініш білдірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
24.01.2018
5071
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру