Бүгінгі күні Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің кітапханасында «Дін және дәстүр-2» кітабы насихатталды. Дөңгелек үстелге облысымызға белгілі ардагерлер Ульян Мақұлұлы, Серік Хинаятұлы, Мапруза Жармағамбетқызы, Назым Ғиззатқызы қатарлы аталар мен апалар ұйытқы болды.
Мешіт жамағаты мен сауат ашу курсы ұстаздары мен шәкірттерінің қатысуымен өткен бұл шарада алдын-ала берілген тапсырма бойынша аталмыш кітап ізімен Байғалова М.Ж «Балалық шақ - бала тәрбиесі», Сатыбалдин С.Х «Жігіттік шақ, отбасы салттары», У.Мақұл «Дінге қатысты салттар және адамның дүниеден өтуіне қатысты салттар» тақырыбында кең көлемде әңгімелер өткізді.
Келесі кезекте қатысушылар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, пікірлер өрбіді.
Ардагер ұстаз, дін жанашыры Ульян Мақұлұлы шара соңында:
Біздің ұйымдастырған іс-шарамыз да осы тұжырымымен үндесіп тұр, сан ғасыр сараптан өткен шариғатпен үйлесім тапқан дәстүрлі дінімізді алда облысымыздағы жастар көп шоғырланған жоғарғы оқу орындары мен колледжлер, арнайы оқу орындарында насихаттайтын боламыз»,- деп сөзін аяқтады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
24.01.2018
4207
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру