«Досжан Хазрет» мешіті мен оның жамағаты жуырда «Шағала» балаларды емдеу орталығында болып, қайырымдылық көмек көрсетті. Балғындарға жаңа қыстық киімдер мен аяқ киімдер, соның ішінде, қалың шұлықтар мен жемпірлер, шалбар мен жейделер, қолғаптар мен бас киімдер, кішкентай бүлдіршіндерге жаялықтар алып барды. Оған қоса бір қорап толы ойыншықтармен қуантты. Сонымен қатар, 4 жап-жаңа кілем мен диван берілді.
Бүгінде «Шағала» шипажайында 70-ке жуық бала тәрбиеленуде. Олар бір-бірімен дос, тіпті бауырдай болып кеткен. Бірге отырып, бір дастарханнан дәм ішіп, қатар тізіліп, көгілдір экраннан сүйікті мультфильмдерін тамашалайды. Осы ретте, мешіт жамағатындағы жігіттер балғындарды тағы да бір «ерекше» сыйлықпен қуантты. Спутникалық антеннаның ақауын жөндеп, балғындардың көксандық арқылы қиялға қанат бітіріп, ертегілер еліне сапар шегуіне мүмкіндік берді. Балалар да, тәрбиеленушілер де дән риза болды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
24.01.2018
3648
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру