Жетім балаларды асырап алған ата-аналардың жылдық табысы 2,1 миллион теңгеден аспаса, онда олар табыс салығын төлеуден босатылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
“Жетім балаларды асырап алғандардың жылдық табысы 2,1 миллион теңгеден аспаса, онда олар табыс салығын төлеуден босатылады”, - деді бірінші вице-министр.
Вице-министр шекті сомадағы табыс салығынан бала 16 жасқа толғанға дейін асырап алушы ата-аналардың бірі ғана босатылатынын атап өтті. Баяндама бойынша жылдық сома 2,1 миллион теңгеге тең. Бұл норма Қазақстандағы жетім балаларды асырап алушылардың барлығына қатысты.
"Мүгедек боп қалған баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік болады. Бұл 76 мың азаматқа қатысты”, - деді ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
baq.kz
24.01.2018
4191
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру