Талдықорған қаласы, "Малютка" балалар үйіне ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы арнайы ат басын тіреп, аталмыш мекемеде тәрбиеленуші балаларға базарлық таратты. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге түрлі ойындар ойнатылып, концерттік бағдарлама жасалды. Ұстаздар мен тәрбиеленуші бүлдіршіндер мешіт имамдарына алғыстарын айтып, дән риза болды.
Сол күні өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы қалаға қарасты тұрғылықты меке-жайы жоқ "Бейімдеу орталығында" болып, ол жердегі жандарға жылы лебізбен "Денсаулықтың қадірі" тақырыбында уағыз айтып, дастархан жайып, сыйлықтар берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
23.01.2018
3108
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру