Енді әр аптаның жұма күні мұғалжарлықтардың Ақтөбе қаласына тегін барып-қайтуға мүмкіндігі бар.
Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті мен «Айжан» ЖК жолаушыларды тасымалдау қызметі бірлесе отырып, осындай оңды бастама көтерді. Мұндай қызмет аптасына бір рет көрсетіледі. Соның ішінде, жеңілдік ең бірінші кезекте әлеуметтік нысаналы топтарға, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелеріне немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. Ол үшін аудандық «Нұртай» мешітіне алдын-ала хабарласып, тіркелу қажет.
Таңертеңгі сағат 9.00-де Қандыағаш қаласынан Ақтөбе қаласына бағыт алған тегін такси түскі сағат 15.00-де кері қайтады. Жолаушылар да осы аралықта жұмыстарын реттеп, көліктің қайтар уақытына үлгеріп келулері қажет.
Аудан әлеуетін ескерген тың бастаманың игілігін халық көреді деген сенімдеміз. Аудан мешітінің тікелей ұйытқы болуымен қолға алынған шараға қолдау білдірген «Айжан» ЖК басшылығына зор алғыс білдіреміз.
Алдын ала тіркелу және қосымша ақпарат үшін: 3 64 62
Ұялы телефон: 8771 599 23 61, Әсемхан Ерғазин, «Нұртай» мешітінің наиб имамы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
22.01.2018
4995
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру