Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Екі аудан мешітіне жаңа дәретхана салынды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің  баспасөз қызметі 22.01.2018 3515 0 пікір
Екі аудан мешітіне жаңа дәретхана салынды

Темір аудандық «Досжан ишан» мешіті мен Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітіндегі дәретхананың құрылыс жұмыстары аяқталып, кеше жұма күні жамағат қолданысына берілді. Қос мешітте де бірнеше айға жалғасқан құрылыс жұмыстарына жанашыр жамағат, жергілікті кәсіпкерлер демеушілік етіп, қолдау білдірді. Дәретханалардың іші кең, жарық, барлығы заманауи үлгіде жасалған. Жылы және суық су бар, инфрақұрылымдар толық тартылып, жылыту жүйесіне дейін жүргізілген.

Жұма намазына жиналған жамағат дән риза болды. Игі іске атсалысқан барша жомарт та жанашыр жандарға Алла разы болып, мол сауаптан жазғай! Өйткені, намаз кілті – дәрет болатын болса, дәрет алар орынның да тұрмысқа бейімделе отырып, жаңартылуы, ондағы тазалық пен ұқыптылықтың сақталуы соншалықты маңызды болмақ. 

Мұғалжар мен Темір аудандық мешіттеріндегі игі істердің бұл бір үзігі ғана. 2016 жылдың қыркүйек айында қызметке тартылған қос білікті имам әрі теологтар Мадияр Пірімқұлов пен Ерболат Жүсіпов Бас Мүфти мен өкіл имам артқан үмітті ақтай білді. Аудан жамағатын ауызбіршілікке, ынтымаққа ұйыстырып, мешіттерде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қос имамның жылдық жұмысы қорытындыланып, арнайы сұхбат та алынған болатын. Тәжірибесі мол мамандар әлі талай тың бастамаларға куә етеді деген сенімдеміз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру