Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Қарттарға қайырымдылық жасалды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 22.01.2018 3523 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Қарттарға қайырымдылық жасалды

Маңғыстау облысына қарасты облыс мешіттері қайырымдылық шараларын жүйелі түрде атқарып келеді. Жыл басынан қайырымдылық көрсету науқаны басталып кетті.

Қаламыздағы «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі науқас қарттарға Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық мешіті қызметкелері, "Шапағат жолы" жастары мен мешіт жамағаттары арнайы зиярат жасап қайтты. Игі шараға мекеме басшылығы дән риза болып, алғыстарын білдірді.

Қасиеттi Құранда:

«…Қайырдан не iстесеңдер, Алла оны күдiксiз бiледi», – делiнген («Ниса» сүресi, 127-аят).

Демек, қандай жақсылық жасасақ та, ол сауапсыз қалмайды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру